Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Желідегі фотодан құлаған ескерткіштің қоймада жатқаны көрінеді.
Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады. Айтуларынша, ескерткіш қазір қоймада.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беретін болды.