Арыс қаласының білім бөлімі мен Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлескен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің жалпыәскери жарғылары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Мақсат — алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып білім сапасын арттыру .
Семинарға Арыс қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы подполковник Ерлан Билалов, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Құрман Қазбеков, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің әскери жетекшілері қатысты.
Сабақ әскери сәлемдесуден және әнұранмен басталды. Әскери жетекшілер әскери атақтардың суретін таңдау арқылы «Офицерлер» және «Сержанттар» деп 2-ге бөлінді, әдістер де тиімді қолданылды. АӘД пәнін қайталау мақсатында «Нысана» әдісі арқылы жасырылған нысанадағы сұрақтарға жауап берілді. «Миға шабуыләдісін пайдалана отырып сиқырлы сандықта жасырылған затты табу арқылы жаңа тақырып ашылды.
Сабақ барысында әскери жетекшілер Google платформасы арқылы топтық жұмыстар және тест тапсырып жеке жұмыс орындады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақты «Kahoot» ойынымен қорытындылады. Кері байланыс QR код арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы берілді. Сабақ соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.