Қазақстан газ өндіру көлемін азайтпақ

Қазақстан 2026 жылға қарай өндіретін жоспарлы тауарлық газдың көлемін азайтуы мүмкін. Еліміздің отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Үкіметінің қаулысына осындай өзгеріс енгізу ұсынылды.

«Газдың ресурстық базасын ұлғайту есебінен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және газ саласының тұрақты дамуына қол жеткізіледі. Тауарлық газ өндірісі 2026 жылға қарай жылына 27 миллиард текше метрге дейін өсетін болады», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Бұған дейін тиісті қаулымен алдағы 3 жылда тауарлық газ өндірісінің көлемін 35 млрд текше метрге дейін ұлғайту бекітілген еді. Енді жаңа өзгеріске сай бұл меже 8 млрд текше метрге дейін қысқарып, 2026 жылға қарай 27 млрд тауарлық газ өндіру жоспары қойылып отыр. Құжатты ашық талқылау 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар