«Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен қоғамдық ұйымдар, орталық және жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, азаматтық белсенділердің қатысуымен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау.

ҚР Ақпарат және қоғамдық министрі Дархан Қыдырәлі өз сөзінде балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдерімен бірлесіп қоғамда балаларды қорғауға бағытталған мінез-құлықты, әдеп нормаларын және құндылықтар жүйесін қалыптастыру туралы баяндады. ҚР АҚДМ министрі еліміздің түкпір-түкпіріндегі отбасын қолдау орталықтарының тиімділігін арттыру маңыздылығы жөнінде тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, соңғы уақытта қоғамның назарын аударып, ата-аналар қауымын толғандырған өзекті мәселенің бірі – балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі.

Жиынға қатысушылар отбасы институтын нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен өмірі, ата-ана мен айналасындағы адамдардың жауапкершілігі жайында сөз сөйлеп, пікір алмасты.

Іс-шараның соңында ведомстволар арасындағы іс-қимылды жүйелі қылу мақсатында бірқатар нақты шараларды көздей отырып, хаттама қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар