Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Н.Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын мақсатқа жету жолындағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, сыни, шығармашылық, логикалық ойлау, зияткерлік дағдыларын дамыту.
Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры Ғ.Дүйсенбаев ашып беріп, мектептің тарихымен және жеткен жетістіктерімен таныстырды. Пән әдіскері Г.Оразбаева семинардың маңыздылығы мен семинар тақырыбының ашылуына аса мән беру керектігі туралы тоқталып өтті.
Семинар барысында тақырыптың ашылуы, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, тақтамен жұмыс жасау аясында тиімді кері байланыстар берілді. Осындай берері мол әсіресе, жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткізілген осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.