Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде қазақ тілін «мамбет тілі» деп мәлімдеме жасаған қыздың әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді.
«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) нормаларына сәйкес, тергеу жүргізіп, заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, аталған азаматша видеода қазақ тілін ұнатпайтынын және Алматыға келетін ауыл тұрғындарына қатысты ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Фото ашық дереккөзден