Бала құқығы — басты құндылықтардың бірі

Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылатын болады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылдың жазында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Осы мақсатта ҚР ОАМ Балалардың құқтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлының Түркістан облысына арнайы іс-сапары ең әуелі Түркістан қаласындағы білім ордаларын аралаудан басталды. Батырхан Жолдас, министрлік тапсырмасына орай Полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, аталған департаменттің басшылық құрамымен кездесті. Содан кейін Күзет басқармасына барып, ондағы мектептерде орнатылған дабыл батырмасының интеграция жасалғандығын және де камералардың жай-күйін тексерді. Сондай-ақ, Кентау қаласындағы № 24 мектеп, №10 Д.Қонаев атындағы мектептер мен Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясына аялдап, Кентау қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар