Түркістан облысындағы 37 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (Облыстық «Жас туристер» станциясы, оқушылар сарайы, оқушылар үйі, өнер мектептері, шығармашылық орталықтар, көркемсурет мектебі) жазғы демалыс уақытындағы «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында іс-шаралар жоспары жасақталып, аудан, қалаларға жолданды, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысында маусым айында 350 іс-шара, 20 БАҚ жарияланымы, шілде айында облыстық «Жас туристер» станциясы – 721 іс-шара, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы – 163 іс-шара өткізді.
Барлық іс-шаралар мерзімінде өткізілген. Оның ішінде: 400 саяхат, 8 челлендж, 332 экскурсия, 4 байқау, 2 дебат жарысы, 491 іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға арналған қызықты да, көңілді бастамаларға 30 мыңнан астам оқушы қатысты. Алдағы уақытта да осы тектес шаралар легі жалғасады. Барлығы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында қолға алынған.