Бастауыш сынып пән бірлестігінде семинар-практикум өткізілді

Созақ ауданы, «Қарағұр» жалпы білім беретін мектепте білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана отырып, іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында бастауыш сынып пән бірлестігінде «Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинарды мектеп директоры Т.Малбағаров ашып, мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі.

Бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Г.Асанова мұғалімдерді мектепішілік семинардың іс-шара жоспарымен таныстырды.

Тақырып аясында тренингтер, мұғалімдердің әдістемелік көрмесі, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу сәттері, коучингтер өткізілді.

Бағдарламаның практикалық кезеңінде мұғалімдер тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына еніп, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бастауыш сынып мұғалімі З.Жылқыбаева «Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау» тақырыбында коучинг өткізіп, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында өткізілген іс-шараларға мектеп мұғалімдері мен білім алушылар белсенді қатысып, мұғалімдер керемет әдістермен қоржындарын толықтыра түсті.

Қорытынды нәтижиесінді мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Х.Мүшекенова практиканы теориямен ұштастырып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғыс білдіріп, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар