Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі тірегі екенін атап өтті. «-Олар партияның қоғамдағы беделін қалыптастырады. Халық сұранысына алғашқылардың бірі болып үн қатып, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, партиялық жобаларға белсенді қатысып, мемлекеттік бастамаларды түсіндіру жұмысын жүргізеді», — деді Ерлан Жақанұлы.
Партиямыздың беделі болып айқындалған бастауыш партия ұйымдары – біздің басты тірегіміз. Өйткені, қарапайым азаматтармен тікелей байланыс арнасын түзіп, байланыс орнатып жатқан тетік – осы бастауыш партия ұйымдары арқылы іске асады деп білеміз. Бастауыш ұйымдардың көмегімен әрбір азаматтың талап-тілегін біліп отырмыз, өзекті мәселелерді айқындап, оларды жұмыс бағдары етіп айқындап келеміз. Жергілікті маңызға ие сауалдарды тізбектеп, партияның әлеуетін олардың шешім табуына жұмылдырып отырмыз.
Түркістан қаласының облыс орталығы санатында жаңа тарихының басталуымен «Түркістан» бастауыш партия ұйымы да құрылды. «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалына қарасты бұл ұйым 2019 жылдан бастап қызмет атқарып, бүгінде ортақ мақсат аясына біріккен ұйымның құрамында 557 партия мүшесі бар. Оның ішінде 372 адам – түрлі салада қызмет атқаратын болса, 19-ы – партия ардагерлері саналады. Бұл бастауыш ұйымға түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің мүше болуы – партияның қоғамдағы беделі биік екенін көрсетеді.
Мәди Аманжол жетекшілік ететін ұйым қоғамдағы белсенді ұстанымымен ерекшеленеді, қала өміріне қатысты барлық іс-шаралардың бел ортасынан табылып отыр. Бастауыш ұйымның өз кеңсесі бар, қажетті компьютерлік техникалармен жабдықталған, көрнекілік құралдармен қамтылған. Аманжол Данаханұлы ұйым мүшелерімен тұрақты байланыста жұмыс жүргізіп, партиялық тапсырмалар мен жобалардың тиісті деңгейде орындалуын ұтымды үйлестіріп келеді. Атап өтуіміз қажет, «Түркістан» бастауыш партия ұйымы өткен жылы Түркістан облысы бойынша өткен «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауынының бас жүлдегері атанды. Ұйым мүшелері барлық қоғамдық іс-шаралардан сырт қалмай, азаматтық бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, партия беделін арттырып келеді. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы саяси ұйымның тірегі саналатын бастауыш ұйымдармен тығыз ықпалдастық байланысты одан әрі арттыра беретін болады.