Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аға тәлімгері Роза Миркебаева мен 6-сынып жетекшісі Айжан Анасованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге бағытталған ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсат — оқушыларды Отансүйгіштікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Аталған ашық тәрбие сағаты барысында оқушылар Әнұранды орындады. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы деректер айтып, өлең-тақпақтар мен «Көк тудың желбірегені» әнін қосыла шырқады. Мұғалім сабақты қорытындылау кезінде сұрақ-жауаптар мен кеспе қағазға тірек сөздер құрау тапсырмасын берді.
Қысқасы, бұл сабақ оқушыларды жоғары мәдениетке баулуға, олардың патриоттық және азаматтық сезімдерін оятуға арналды.