«Білім сапасын ғылыми негізде көтеру» тақырыбында облысымызда өткізілген эксперименттің нәтижесі бойынша Төлеби аудандық білім бөлімінде дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайынов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова, басқа да азаматтар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтерудің ғылыми негіздері», «Білім сапасын көтеруде білім ұйымында ішкі резервті пайдаланудың тиімділігі», «Білім сапасын ғылыми-тәжірибелік негізде арттыру – бүгінгі күннің басты талабы», «Білім сапасын арттырудағы педагогтың ролі», тағы басқа тақырыпта мазмұнды баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылды, пікір алмасылды.