Әбіш оқулары байқауында оқушыларымыз жүлделі орынға ие болды

Ақтау қаласында өткен “Әбіш оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті. Байқауға киелі Түркістан өңірінен қатысқан өнерлі өнерпаздар өңіріміздің мәртебесін көкке көтеріп, сүбелі жетістіктерге жетті.

Атап айтар болсақ, оқушыларымыз иллюстрация мен ғылыми жоба саласы бойынша екі жүлделі II орын, жазушы шығармаларынан көрініс пен мәнерлеп оқу саласы бойынша екі жүлделі III орындарды иеленді.

Олар:

ІІ-орын: Иллюстрациялық бағыт бойынша Созақ ауданы, Т.Әлімқұлов атындағы 14 интернат-лицейінің оқушысы Балтабек Шұғыла.

ІІ-орын: Зерделеу жоба бағыты бойынша Ордабасы ауданы, Ынтымақ жалпы орта мектебінің оқушысы Тульбасова Асел.

ІІІ-орын: Мәнерлеп оқу бағыты бойынша Түркістан қаласы, 28 мектеп-лицейінің оқушысы Бердалиева Ақерке.

ІІІ-орын: Сахналық қойылым бағыты бойынша:

Жетісай ауданы, Я.Есенбеков атындағы №59 жалпы орта мектебінің оқушылары.

Сонымен қатар Түркістан облысының командасы Үздік команда деп танылып, 200 000 тенге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар