2023 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Түркістан облысының бюджетіне 123,5 млрд.теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106,7%-ға немесе 7,8 млрд.теңгеге асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 8,3 млрд.теңгеге артқан немесе өсу қарқыны 7,2%-ды құрап отыр.
Жалпы барлық аудан, қалалар бойынша түсімдер жоспары асыра орындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс бюджетінің игерілуі және республикалық бюджет есебінен жобалардың қаржыландырылу барысы қаралды.
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаевтың баяндауынша, бірқатар аудан, қалалар есепті кезең жоспарын асыра орындап отырғанымен, кей аудандарда жылдық жоспардың орындалуы төмен. Барлық аудан, қала әкімдеріне түсімдердің әрбір түрі бойынша жоспарын, оның ішінде реттелуші салықтардың ай сайынғы жоспарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілген.
Облыс әкімі кейбір бағытта қаржының игерілмей қалуы салалар жұмысына кері әсерін тигізетінін ескертті. Әкімдерге барлық қаражат толық, сапалы және уақытылы игерілу мақсатында заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Мемлекет тапсырысын орындаушылар арасында отандық өнім өндірушілерге басымдық беруді жүктеді.
– Мен үнемі барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жоспарлануына және уақытылы игерілуіне қатаң талап болатынын ескертіп келемін. Бюджеттің әр тиынның сұрауы, есебі бар. Жоспарлау дұрыс болса, бұлай болмас еді. Бюджет қаржысын бағыттау барысында да жобалардың мерзімі ескерілмей, қаржы игерілмей жатады. Осының бәрін ескеру керек. Бюджет қаржысын сапалы әрі тиімді игеріп, жоспарланған түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жандандару керек,– деді облыс әкімі.
Жиында жыл ішінде бюджетті нақтылау барысында облыстың бюджет көлемін республикалық трансфеттер және өз кірістері есебінен ұлғайту барысы талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————-
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «У КАЖДОГО БЮДЖЕТНОГО ТЕНГЕ ЕСТЬ ОТЧЕТ»
По состоянию на 1 октября 2023 года в бюджет Туркестанской области поступило 123,5 млрд тенге, план перевыполнен на 106,7%, или 7,8 млрд тенге. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года это больше на 8,3 млрд тенге — темп роста составил 7,2%.
В целом планы поступлений по всем районам и городам перевыполнены.
На еженедельном аппаратном заседании под председательством акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды рассмотрели ход освоения бюджета области и финансирования проектов за счет республиканской казны.
Как сообщил руководитель управления финансов и государственных активов Туркестанской области Абдрахман Тасыбаев, несмотря на то, что ряд районов и городов перевыполняют план отчетного периода, в некоторых районах исполнение годового плана низкое. Всем акимам районов и городов даны поручения по обеспечению исполнения плана по каждому виду поступлений, в том числе ежемесячного плана регулируемых налогов.
Аким области предупредил, что в некоторых направлениях неосвоение финансов отрицательно скажется на работе отраслей. Главам районов и городов поручено провести работу в соответствии с законом с целью полного, качественного и своевременного освоения всех бюджетных средств. Исполнители госзаказа должны ставить в приоритет отечественных производителей продукции.
— Я постоянно напоминаю всем руководителям управлений, акимам районов и городов, что есть жесткие требования к эффективному и целенаправленному планированию и своевременному освоению бюджетных средств. У каждого бюджетного тенге есть отчет. Если бы планирование было правильным, этого бы не произошло. В ходе направления бюджетных средств не учитываются сроки проектов, средства не осваиваются. Все это нужно учитывать. Нужно активизировать работу по качественному и эффективному освоению бюджетных средств и достижению планируемых конечных результатов, — сказал аким области.
На заседании обсуждался ход увеличения объема бюджета области за счет республиканских трансфертов и собственных доходов в ходе уточнения бюджета в течение года.