Әдістемелік бірлестік жетекшілері бас қосты

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» — делінген. Жас ұрпақ — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі мақтанышы!

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен С.Рахымов атындағы ЖОМ базасында «2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатында кезектен тыс әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.

Дөңгелек үстел барысында “TIMSS PRILS”тапсырмаларын қысқа мерзімді жоспарға кіріктіру, ББЖМ халықаралық зерттеулеріне дайындық бойынша пікір алмасулар, талдаулар, ұсыныстар айтылды.

Дөнгелек үстелдің соңында корытынды жасап, келген ұстаздарға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар