Арыс қаласының білім бөліміне қарасты № 8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде Арыс қаласы маслихатының депутаты, Арыс қаласының футбол мектебінің президенті Ерғазы Медетбековпен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты: оқушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын кеңінен насихаттау. Жолдаудың маңыздылығын түсіндіру арқылы жастардың Отанын сүюге, бірлікке, ынтымаққа, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Кездесу барысында оқушылар болашаққа деген өз ойларын ашық айтып, еліміздің келешегіне үлкен сенім артты.
Білімді ұрпақ арқасында тәуелсіз елдің тірегі де мықты болатынын, еліміздің жастарға үлкен үміт артатын және сол ел үмітін ақтайтын жастар болатынын нық сеніммен жеткізді. Кездесу соңында мектеп директоры Жазира Кайбалдиева, оқушылардың құқықбұзушылыққа жол бермеуін ескертті.
Бұл кездесу оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіндірді.