Елімізде дәрілік заттарды таңбалау енгізіледі

Елімізде дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау енгізіліп жатыр. Бұл туралы Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева хабарлады. Ережеге сәйкес, белгілі бір тауар түрін міндетті таңдалау енгізілмес бұрын ілкі жоба жүзеге асырылады.

«Талапқа сәйкес, ең алдымен кез келген тауар тобына қатысты ілкі жобаға бастамашылық жасалады. Содан кейін реттеушілік ықпалға талдау жасалып, қоғамдық тыңдау болады. Мүдделі барлық мемлекеттік органмен, бизнес қоғамдастықпен, «Атамекен» ұлттық палатасымен белігілі бір тауар түріне таңдалау енгізуге қатысты шешім келісіледі. Тек осы іс-шаралардан кейін шешім қабылданады. Қазір зергерлік бұйымдарға, суға және құрамында қант бар сусындарға қатысты ілкі жоба жүзеге асырылып жатыр. Алкогольге, жеңіл өнеркәсіп пен сүтке ілкі жоба жүргізілді. Үкімет бизнес қоғамдастықпен келісе отырып, аталған тауар түрлеріне міндетті таңдалауды әзір енгізбеу шешімін қабылдады. Жеңіл өнеркәсіпке қатысты мәселе ашық тұр», — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар