Отандық әнші Раиммен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмахан осыған дейін өзіне құда түсіп, сырға салынатынын және беташары өтетінін айтқан болатын. Әнші бүгін көпшілікке сырға салу күнінің қай уақытқа белгіленгенін жариялады.
Бұл жаңалығын әнші Instagram желісінде бөлісті. «Ертең бұйырса, біз үшін маңызды күн», — деп жазды әнші. Әнші көпшілікке бөліскен шақырту қағазында «Ерке сырға салу. Құдалық мың жылдық болсын, 19.02.2023 жыл», — деген жазуды байқауға болады.
Осыған дейін жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.