Форум: «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы»

Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты.

Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.

Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді.

Мақсат — бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін дамыту.

Форум соңында облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар