Халықаралық әдіс алмасу семинары өтті

“JC INNIPOWER FELLOWSHIP FOR TEACHERS” бағдарламасы аясында Гонконг педагогтерімен Түлкібас ауданының білім бөлімінің білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні педагогтері тәжірибе алмасу шеңберінде халықаралық оқу-әдістемелік семинарын М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында өткізді. Семинар барысында Облыстық » Білім беруді дамыту» орталығының директоры Б.Төлімбет сөз бастап қонақтарды таныстырып, «Ең үздік» ауыл мектебінің өмірімен таныс болды.

Семинардың мақсаты — мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, үштілде білім беру, тәжірибелік сабақ көрсету.

Семинарда ауданымыздың үздік педагогтері және шетелдік жетекші білікті оқытушыларының Цэ Вай Инь, Кван Чун Тунг , Мис Цанг Яу Юнгтің тілдерді оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшеленді. Халықаралық тәжірибедегі тілдерді ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.

Семинар қорытындысында білім алушылар мен педагогтерге пікір алмасу, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар