Информатика пән бірлестігінің апталығы

Бүгін Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінде информатика пән бірлестігі апталығының ашылуы өтті. «Цифрлы Қазақстан, заманауи технологиялық прогрестердің дамуы» тақырыбында өткен апталық мақсаты — информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырыру, ой-өрісі мен таным белсінділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Іс-шара барысында оқушылардың STEAM білім беру бойынша 3D принтерінен дайындап, шығарған жұмыстары және робототехника пәні аясында жасалған роботтардың жұмысы көрсетілді. Оқушылар экран арқылы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар