ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасына қатысты пікір білдірді.
«Елімізде баға тұрақты. 15 қыркүйектен бастап форвард шарттары бойынша сатып алу бағасын жарияладық, баға 121 мыңнан 125 мың теңгеге дейін белгіленді. Қазіргі кезде форвард шарттары аясында астық жинау жақсы қарқында жүріп жатыр. Сондықтан астық құны да тұрақты деңгейде тұр. Биылғы жақсы нәтижені ескере отырып, ішкі нарықты толықтай өзіміздің астықпен және ұнмен қамтамасыз етеміз», — деді Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген министр.
Айтуынша, экспорт нарығында астық бағасы өсетін болады. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тиімді.
Сурет: ғаламтордан