Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан жиынға облыстық орталықтың әдіскері Дінмұхаммед Саипов арнайы қатысып, семинарға оң бағасын берді.
Мақсат – мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру, олардың құзіреттілігін арттыру, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу дағдыларын дамыту.
Семинарда «Google диск бұлттық сервисін қолдану. Практикалық жұмыстар», IT Startup, Обьектілердің 3D модельдері. Жоба құру», «Жасанды интеллект пен ақпараттық коммуникациялық технологияларын ҰБТ — да тиімді қолдану» сияқты т.б. тақырыптарда ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді.
Семинарға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық педагог қатысты.