Кентау: Инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Түркістан облысының жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында Кентау қаласы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы базасында инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шараға инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы педагогтары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары және инклюзивті білім беруді дамытуға жауапты мамандар қатысты.

Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатында концерттік іс-шара мен ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ата-аналар инклюзивті қолдау кабинетінің жұмысына сәттілік тілеп, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар