Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды
Кентау қаласындағы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында болды. Мұнда 280 бала тәрбиеленеді.
2011 жылы салынған ғимарат жер асты суының көтерілуінен қабырғасы жарыла бастаған. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүргізіліп жатқан бірнеше техникалық сараптама қорытындысы ғимаратты апатты жағдайда деп таныса, мәселенің шешімі арнайы комиссия қарауына тапсырылады.
Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп не сүрілетін болады. Орнына жаңасы салынады. Ал, балалар уақытша басқа ғимаратқа көшіріледі.
Әкім жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, аталған мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Сараптау қорытындысы жақын уақытта белгілі болады.