Түркістан облысы, Түлкібас ауданына келін болып түскен Оңтүстік Корея қызы Суджин Ли қазақ жеріне бауыр басып, салт-дәстүрін меңгеруде. Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген Сәкен Бауыржанұлы корей қызын жар етіп, елге оралды. Некелері мешітте қиылды.Бұл әулет үшін үлкен қуаныш болды. Бүгінде ұлттық тағамдар әзірлеуді тәуір меңгеріп алған Сужин Лидің ата-енеге деген құрметі де ерекше. Қайынатасы Бауыржан Мақұлбеков келіннің сәлем салып, ата-енеге иіліп тұратынын айтып ризашылығын жеткізеді.
Сондай-ақ ол құжаттар жағы қиындық туғызып жатқандығын айта келе, елшіліктен көмек болса деген өтінішін де жеткізді. Отағасы ақсақалдың айтуынша келіннің құжаттары реттелсе, кореялық құдаларды шақырып дүркіретіп той өткізбек.