«Әлем бала көзімен» атты жас қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті

“Әлем бала көзімен”. Дәл осындай атаумен Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Балалар өнер мектебінде” кең көлемде аудандық іс-шарасы өтті.

Іс-шарада жалпы қолөнер және көркем сурет үйірмесінің көрме жұмыстары көрсетілді. Мектеп оқушылары үшін осындай жаз мезгілінде кереметтей іс-шараларға жол ашылып, балаларға пайдалы мәдени іс-шаралар өткізілуде және осындай берері мол іс-шара Астана күні мерекесіне орай да өткізілген болатын.

Бастаманың негізгі мақсаты — жас өнерпаздардың еңбегін насихаттап, көпшілікке ұсыну. Осы арқылы балалардың өнерге деген қызығушылықтарына қолдау білдіру.

Көрмеге ұсынылған суреттер мен қолөнер туындыларының бәрін оқушылар арнайы әзірледі. Осылайша, жазғы демалыс күндері өз уақыттарын тиімді өткізіп, еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу көзделді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар