Бүгін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық бөлімімен бірлесіп әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің аясында бастауыш кәсіподақ төрағаларына құқықтық оқу-семинарын өтті.
Шараға Түркістан, Кентау қалалары және Сауран ауданы білім беру ұйымдарындағы тиісті мамандар қатысты.
Оқу-семинарына арнайы Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы келіп, облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына құқықтық кеңес берді. 83-бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Педагогтарды аттестациялау бойынша басымдық беріліп, заңнамаларын толыққанды түсіндірді. Қолданыста бар нормативтік актілер жайында құлағдар етті.
Семинар барысында мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, диалог ретінде сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Пайдалы жиын нәтижесінде қатысушылар өз ойларын ашық жеткізіп, көкейдегі сауалдарына тиісті жауап алды.
Айта кетейік, аталмыш семинар 13 қарашадан басталып, 3 күнге жалғасады.