«Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» атты онкүндік өтуде

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 17 қарашасы мен 28 қарашасы аралығында «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында онкүндік өткізілуде. Осындай іс-шара Б.Момышұлы атындағы ЖББМ-де жоғары деңгейде өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты: білім сапасын арттыру, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жандандыра отырып, сараланған тапсырмалар мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, сапалы білім беру.

Мақсатқа сай, жоспарланған үлгілі сабақтар мен іс-шараларда басымдық үлгерімі төмен білім алушыларға бағытталуда. Пән мұғалімдері сабақ барысында жетекші сұрақтар қою, жеке, топтық, ойын тапсырмалары арқылы білім алушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырды.

Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында да түрлі жұмыстар ұйымдастырылды және мектеп тренерлері «Үлгерімі төмен білім алушылардың айтылым, жазылым дағдысын қалай арттырамыз?» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар