Өлім жазасына кесілген Пәкістанның экс-президенті көз жұмды

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін отанында өлім жазасына кесілген Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф ұзаққа созылған аурудан 79 жасында Дубайдағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Geo News басылымына сілтеме жасаған silknews.kz

Басылымның хабарлауынша, Пәкістанның бұрынғы президенті Дубайдағы америкалық емханада амилоидоздан емделіп жүрген. Генерал Первез Мушарраф Пәкістан билігіне 1999 жылы әскери төңкерістен кейін келді. Ол 2002 жылы референдумда президент болып сайланып, бұл лауазымды 2008 жылға дейін атқарды. Первез Мушарраф 2008 жылғы 18 тамызда отставкаға кетті.

Ал, 2019 жылдың желтоқсан айында арнайы соттың үкімімен өлім жазасына кесілген. Айыптаушылардың сөзінше, Мушарраф 2007 жылы төтенше жағдай енгізіп, Жоғарғы соттың судьясын тұтқындауға бұйрық берген кезде мемлекетке опасыздық жасаған. Үкім оқылған кезде Мушарраф Пәкістанда болған. Алайда оған емделу үшін елден кетуге рұқсат берілген. Сол сәттен бастап ол Дубайда болған.

Соңғы жылдары Мушарраф әртүрлі мүшелердің жасушаларында ақуыз жиналатын, сирек кездесетін амилоидоз ауруымен ауырған.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар