Әр қаланың әр бұрышында букмекерлік кеңселер салынып, саны жыл санап артып келеді. Осының салдарынан оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан жастарымыз көбеюде. Бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде налитының анық. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Ал, еліміздегі желпілдеген жастарымыздың бұл дертке шалдығуының себебі не?
Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар», – деп текке айтпаса керек. Өткенімізге үңілсек, құмар ойнау деген атау қазақ ұғымында болған емес. Бұл – бүгінгі қоғам дерті.
Құмар ойынға бейімделу кезеңінің бірі – жалындаған жастық шақ. Адамның қызығушылығын арттырып, құмарлыққа тез үйрететін де осы кез. Санаңды улап, құмар ойынға үйір қылып жіберетіні шүбәсіз екенін біле тұра сол жолмен жүресің!
Балаларыңыз немен шұғылданып жүр? Қадағалаңыздар!