Лудоманияның емі бар ма?

Ойынқұмарлық деген не?

Лудомания деген не? Адам ақшаға бәс тіксе, лотерея алса, казиноға барып ақша шығындаса оның бойында ойындарға деген құмарлық бар деп есептелінеді. Темекі шегетін адам темекісіз жүре алмаса лудомания деген тәуелділікке шалдыққан адам ойынсыз жүре алмайды. Ол әрдайым бүкмекерлік компанияға барып ақша тігуді қалап тұрады.

Лудомания яғни ақшаға ойнау қазіргі заманда кең тараған дерт. Оның себебі неше түрлі жарнама. Баяғыда ата бабаларымыз неше түрлі казино мен букмекерлік кеңселерді көрмей жатып сау болып жүрген. Арақ ішпей, темекі тартпай. Кейін ғой қазақ еуропалық әлемге жақындай түсе сондай дертке шалдықты. Ауылда ойынға құмар адамдар қаламен салыстырған аз. Гэмблинг деген не? Ол осы дерттің басқа атауы.

Себебі ауылда неше түрлі казино мен букмекерлік кеңселердің жарнамалары жоқ. Онлайн болмаса өздері де жоқ. Ойын автоматтары да шамалы. Сондықтан ол жақтағы жұрт лудомания деген кеселге шалдықпайды. Адам ойын автоматын көрмесе қалай тәуелді болады?

Лудоманияға не себеп?
Ең алдымен жарнама себеп. Оған қоса ойын автоматтары мен букмекерлік кеңселердің жақын боп орналасуында. Кейбірі тіпті онлайн. Яғни телефон алып ақша сала салуға болады. Соны шектеу керек. Мысалы ислам заңдары бар елдерде лудомания атымен жоқ.

Себебі құмар ойынға ақша тігу ол харам боп исламда табылады. Басқа діндерде де. Дін аса құрметтелмейтін Еуропа мен Солтүстік Америка елдердінде лудомания кең жайылды. Жайлаудағы бұлақ суы сияқты жан жаққа жайылып, тарап ағылып жатыр.

Оған қоса кедей елдерде қалайша ауқатты болып ел қатарына қосылам деп лоттереяға, букмекерлік кеңселерге, тотализаторларға ақша тігетіндер де бар. Олардың бар үміті сол ақ. Мемлекет пен өкіметтен үміті үзілген соң осылай да бай бола қаламын шығар деп ақша тігетіндер де бар.

Қазақстанда ойынға ақша тігіп пәтер аламын деп жататындар көп. Әсіресе Алматы мен Астана сияқты мегаполистерде. Басқаша пәтер алу қиын болғандықтан.

Тағы бір себеп ол адамның тәуір өмір сүріп адреналинді түзетін тәуекелге баруында. Ондай адам парашюттан секіруі мүмкін, не бір биік тау шыңына өрмелеп жетуі мүмкін.

Лудоманияны емі
Лудомания ол психикалық ауру. Демек ең алдымен психиканы түзеу керек. Бәлендей проблемаларды басқа жолмен шешуді ойластырып. Босқа ақша шашпай оны бір пайдалы затқа жұмсау. Мысалы адам марка, конверт, кітап жинауы мүмкін. Сонымен әуес болып ойынды ұмытуы мүмкін.

Бір әуестіктен басқасын тауып арылуға болады. Мысалы казинодан отырмай далаға шығып серуендеуге болады. Не спортзалға барып ауыр затты көтеруге болады. Бассейнге барып шомылуға болады. Сол жерде күн сайын өз жетістіктерін қағазға жазып өзімен өзіңіз жарысы аласыз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар