«Ұлы тұран ұрпақтары» атты туристік жарысқа 110 оқушы қатысты

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 14-17 қазан күндері аралығында «Ұлы Тұран ұрпақтары» атты туристік жарыс өтті.

Жарыс мақсаты:

  • Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
  • Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
  • Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
  • Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
  • Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және қарасты қала, аудандық бөлімдерден 110 оқушы қатыстырылды.

Жарыс «Кедергілер жолағы», «45 градуста траверс тарту», «Туристік әндер», «Туризм, спорт, денсаулық, демалыс», «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» кезеңдерінен тұрды.

«Ұлы Тұран ұрпақтары» туристік жарысының жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:

I орын — Төле би ауданы, жетекшісі Қаныбеков Бахтияр;

II орын — Келес ауданы, жетекшісі Қалдаров Сәбит;

III орын — Түркістан қаласы, жетекшісі Бекбаев Абайхан.

Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар