Мұғалімдер арасында қазақ күресінен «Ұстаз барысы» өтті

Сайрам ауданы білім бөлімі және Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Шапағат-педагог» жергілікті білім қызметкерлері кәсіподағы, Сайрам ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен бүгін мектеп мұғалімдері арасында қазақ күресінен аудандық «Ұстаз барысы» жарысы болып өтті.

Додалы жарыстың мақсаты — аудан мұғалімдерінің арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеру, ұлттық рухты қалыптастыру. Педагогтар арасында қазақ күресін дәріптеуге арналған аталмыш доданың аудандық кезеңінде ұстаздар жарыс ережесіне сәйкес, жеті салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жекпе-жекке кәсіби балуандар емес, жас ұрпаққа ұстаздық етушілер қатысқанына қарамастан, «Ұстаз барысы» аудандық жарысы барлық ережелерге сай өтті.

Боз кілем үстінде өзара күш сынасқан педагогтар арасынан №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Юсупалиев Досжан «Ұстаз барысы» атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар