Жетісу облысы мәслихатының депутатын құрылыс алаңында пышақтап кетті.
15 қаңтарда Үшарал қаласында Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты біреу пышақтап өлтірді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 15:25-те Алакөл аудандық полиция бөліміне Үшарал қаласындағы салынып жатқан нысандардың бірінде біреу мас күйде жұмысшыларды қудалап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Полиция жеткен кезде күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын жұмысшыларды қорғауға шыққан 34 жастағы ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Оқиға қоңырау түскеннен кейін 5 минутта болған. Алайда жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», — делінген хабарламада.
Фото: ашық дереккөзден