Қазақтың бас ұстазы, ұлт ағартушысы Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!» деп айтқандай, облыс аумағындағы аудан/қалаллық білім беру ұйымдарында білім күні аталып өтті. Айтулы күнде Мақтаарал ауданында оқушылар мектеппен қауышты. «Мектебім — мейірім мекені» атты мерекелік іс-шараға ата-аналар, мектеп оқушылары, қонақтар мен мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік іс-шара Мемлекеттік Гимнді орындауымен басталды. Іс-шарада алғы сөзді Мақтаарал ауданы әкімі Асанов Бақыт Насырлаханұлы және білім бөлімінің басшысы Серикбаев Муратбек Тулапұлы өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп құттықтау сөздерін сөйледі.
Аталған шара аясында ауданымыз көлемінде 1 қыркүйек — «Білім күніне» мектепішілік салтанатты жиын, сондай-ақ сынып сағаттарын өткізіліп, Сынып сағаттары аясында оқушыларға білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы ашық сабақтар өткізіліп, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылықтары түсіндірілді.