Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы атындағы №4 жалпы орта лицей — интернатының базасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми — шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілуде. Олар:
«Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған….» — ғылыми жоба жұмысы
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас дарындар конкурсы (өз шығармасын орындау)
Байқау жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту мақсатында жүзеге асырылуда. Байрақты бәсекеге 17 ауданнан 48 және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 13, жалпы саны 61 оқушы қатысуда.