Математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №39 «Асықата» жалпы орта мектебінде білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерімен «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық семинар өткізді.

Математика пәні әдіскері Айгул Алимбетова 2022-2023 оқу жылына қорытынды жасай отырып, 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістер мен мақсат — міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Бауыржан Саулебаев оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар