Батыс Қазақстан облысында мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсады. Мұғалім өз үйінде суицид жасаған.
Жергілікті «Мой город» сайтының хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қаңтарда болған. 22 жастағы азаматшаның мәйітін туыстары тапқан.
Туыстары марқұмның ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегенін, алайда мектеп басшылығымен тіл табыса алмағанын айтқан. Марқұм хат жазып қалдырмаған.
Батыс Қазақстан облысы полициясы істі қылмыстық кодекстің 105-бабы («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркеген.
Фото ашық дереккөзден