Мектеп оқушысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа жүгінсек, оқиға 24 сәуір түнгі уақытта болған. Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Түркістан облысы ПД мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Жағдай тұрақты бақылауда.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар