Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық — кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік-кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық — дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына байланысты орталықтар құрылған.

Тәрбиеші М.Туребекова робототехника «LEGO» құрастырғыштар тақырыбындағы іс-әрекеті балаларға ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектессе, М.Мирашева «Білім патшалығына саяхат» тақырыбында балаларды дәстүрден тыс іс-әрекетермен қамти отырып, тәрбиеші К.Абенова «Өлкемізге күз келді» тақырыбында бес дағды төңірегінде балалардың шығармашылығын және ерекше ойлау қабілеттерін дамытты.

Семинар барысында бөлім әдіскер С.Ибрагимова педагогтермен жоспарланған бағдарламадағы іс-әрекеттер, концерттік бағдарламаларға қорытынды жасап, балабақшадағы тасымалдың ұйымдастырылуы, топтардағы жылудың қалыпты жағдайда болуы, білім беру обьектілерінің қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтуін талқылап, әдістемелік көмек берді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар