Египетте ментальды арифметикадан өткен халықаралық сайыста жеті мемлекеттен келген оқушылар бақ сынады. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Англия, Болгария, Қырғызстан, Иран елінен келген ойы ұшқыр, есептің шешімін жылдам таба алатын ең алғыр оқушылар қатысып, нәтижесінде «Достық» мектебінің математика пәнінің мұғалімі, халықаралық тренер атағының иегері Эльмира Суярбаеваның жетекшілігімен шәкірттері еліміздің көк туын Египет төрінде желбіретті.
Атап айтсақ, Ордабасы ауданына қарасты «Достық» жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Аллақұл Аяна бас жүлде, 6 сынып оқушысы Ерсеит Самат ІІ — орынды және «Ынтымақ» мектебінің 6 сынып оқушысы Алдаберген Аят І — орынды, «Нұрлыбеков мектебінің 3 сынып оқушысы Ералхан Нұрәлем ІІ — орынды иемденіп, ел алғысына бөленді.