Министр Саясат Нұрбектің қатысуымен ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысы отырысы өтті

Абай облысының орталығы Семей қаласында Әлихан Бөкейхан Университетінде ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы Жалпы жиналысының отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов және еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жетілдіру, заман талабына сай адами капиталды дамыту және университеттердің үшінші миссиясын жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

Отырыс барысында Саясат Нұрбек Жоғары оқу орындары қауымдастығының бұған дейінгі отырыстарында талқыланған көкейкесті мәселелердің шешілу барысы туралы баяндап, еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар