Мыңға жуық келестік сенбілікке келді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты барлық елді мекендер

белсенділік танытуда.

 

Сонымен қатар, аудан жастары қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы ретте Абай ауылындағы әкімдік қызметкерлері 98 жастағы тыл ардагері Рахима Галимованың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында тұрғын үй қоқыстан тазартылып, қоршаулар ретке келтірілді.

Сонымен қатар, аудан жастарының ұйымдастыруымен «Ардагерлер» аллеясында тазалық акциясы өтті. Жастар саябақты ретке келтіру және күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстарды атқарды. Жалпы аудандағы «Өнегелі ұрпақ» апталығында ұйымдастырылған тазалық шараларына 1000-ға жуық адам атсалысты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар