Нұралхан Көшеров: Әр жоба – халықтың өмір сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс

Возможно, это изображение 3 человека

Нет описания фото.

 

Түркістан – тарих пен жаңашылдық тоғысқан қала. Бүгінде рухани астанада әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту мен қалалық ортаны заманауи талаптарға сай дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала аумағын аралап, салынып жатқан және жоспарланған нысандардың жобаларымен танысты.

Алдымен облыс басшысы М.Абенова мен Тоған көшелерінің қиылысында бой көтеретін жаңа қалалық әкімдік ғимаратының жобасын қарап шықты. Жаңа нысан 1,4 гектар аумаққа салынбақ. Ғимараттың сәулеттік шешімі «Караван сарай» мен «Қолөнершілер орталығы» кешендерінің стилімен үйлесімді түрде әзірленген.
Құрылыс жұмыстары 14 ай ішінде аяқталады деп күтілуде. Бұл жоба Түркістанның әкімшілік инфрақұрылымын жаңартып, қала басқару жүйесін ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған.

Одан кейін аймақ басшысына Есімхан алаңының маңында салынатын «Руханият орталығының» жобасы таныстырылды.
Орталық 0,44 гектар аумаққа орналаспақ және екі қабатты ғимарат ретінде салынады. Құрылыс мерзімі – 7 ай.
Бұл нысан түркі руханияты мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәдени-ағартушылық орталыққа айналмақ.

Бұдан соң Нұралхан Көшеров Н.Төреқұлов көшесінде бой көтеретін «Асыл мұра» саябағының жобасымен танысты. Саябақ 6,2 гектар жерге орналастырылмақ. Оның 4,2 гектары толық абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы демалыс аймағы жасалады. Құрылыс жұмыстары 10 ай көлемінде аяқталады деп жоспарланған. Саябақ аумағында балалар және спорт алаңшалары, су бұрқақтар мен көгалдандыру аймақтары қарастырылған. Аралау барысында облыс әкімі жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

– Басты мақсат – халықтың өмір сапасын арттыру, қолайлы орта қалыптастыру. Әрбір жоба тұрғындар игілігіне бағытталуы тиіс. Құрылыс сапасы мен ашықтығы қатаң бақылауда болады, – деді Н.Көшеров.

Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуда заманауи сәулет пен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызын атап өтті.

Түркістан бүгінде тек рухани астана ғана емес, қалалық даму мен заманауи инфрақұрылымның үлгісіне айналып келеді. Жаңа жобалар — тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, инвестиция тартуға және қаланың туристік келбетін арттыруға бағытталған.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл бастамалар Түркістанның тұрақты дамуы мен өркендеуіне нақты негіз қаламақ.

Возможно, это изображение водонагреватель, нефтеперерабатывающий завод и текст

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар