Алматыдағы «Назарбаев резиденциясының» орнына жаңа саябақ салынатын болды. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, ол қоғамдық кеңістіктің жаңа концепциясын президентке таныстырған. Тоқаев өз кезегінде бұл ұсынысты мақұлдаған.
Сондай-ақ Досаев Алматы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келтірелетінін айтты.
«Әкімдікті қалпына келтіру мерзімі наурыздың аяғына жоспарланып отыр. Сол кезде әкімдікті бір орынға жинауға болады. Қазір басқармалар қала бойынша шашырап жатыр. 1 ақпаннан бері бірге жұмыс істмедік», — деді әкім.
Фото: ашық дереккөз