ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ, ОТБАСЫ АМАНДЫҒЫ, АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті жұмыс жиыны өтті. Партия бекіткен Сайлауалды бағдарламаны Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағытында айқындалған міндеттердің орындалуы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суцидтің алдын алу мәселелері қаралған жиында, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты атқаратын маңызды жұмыс бағыты зерделеніп, бірқатар ұсыныстар бойынша шешімдер қабылданды.

Кеңес отырысында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева Мемлекет басшысы Заң мен тәртіпті – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты деп атағанын жеткізді.

— «AMANAT» партиясы жұрт болып жұмылып, қоғамда жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыруды қолға алды. Азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау ісі – Сайлауалды бағдарламамыздың аса ауқымды мәнге ие басымдықтары болып белгіленді. Партия берген уәделерді орындауда, Түркістан облысы бойынша қабылданған Жол картасында осы бағыттағы индикаторлар шеңберінде өрт сөндіру деполарын салу, оларды жөндеу, төтенше жағдайлардың алдын алу, полиция учаскелерінің құрылысын жүргізу, полиция қызметкерлерін бейнебақылау құрылғыларымен қамту, полиция бөлімшелерін жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, қоғамдық орындарды бейнебақылау камераларымен қамту міндеттері белгіленіп, нәтижелі іске асырылуда. Сондай-ақ Жол картасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын қорғау, оларға қамқорлықты арттыру бағытындағы іс-шаралар да айқындалып, жүзеге асырылуда. Бүгінгі кеңес отырысында осы бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды байыптап, алдағы кезеңде атқарылуы керек межелерді белгілейміз. », — деді Қалыйма Жантөреқызы.

Мемлекет басшысы жариялаған Әділетті қоғамның басым бағыты – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау туралы бастамалары. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасы қатаңдатылды. Агрессорлармен жүйелі әлеуметтік, оңалту және тәрбиелік жұмыстар қолға алынды. Отбасылық қолдау орталықтарын құру, тәрбие, білім беру және мәдениет салаларында әйелдер бастамаларын ілгерілету жүзеге асырылуда. Қоғамда жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, өзіне өзі қол жұмсау деректері өзекті болып келеді. Біз дамуымызға қатер болып табылатын осындай деректердің алдын алуға, оларды болдырмауға, ана мен бала өміріне қауіп төндірмеуге тиіспіз. Облыстық партия филиалының Әйелдер қанаты бұл бағыттағы жүйелі жұмысын жалғастыра беретін болады.

Кеңес отырысын әрі қарай «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізді.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқат Ержанов партия бекіткен Жол картасында департамент қызметіне қатысты 4 нысаналы индикатор мен 14 іс-шарасы қамтылғанын айтты. Облыс әкімінің Мақтаарал ауданында өткізген қоғамдық қабылдауында Мырзакент кентінде өрт сөндіру бөлімін құру туралы тапсырма берілгенін айтты. Бұл тапсырма бойынша жер учаскесі бекітіліп, құжаттамалар дайындалғанын атап өтті. Бүгінде Сайрам ауданында өрт сөндіру депосын салу жұмыстары басталғалы жатқанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Сапар хабарлама жасап, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы атап өтті.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов өңірімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік және суицид жағдайлары өзекті болып отырғанын атап өтті.

Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова алдын алу жұмыстарын күшейту үшін биыл аудан, қала әкімдері мен басқармалардың қызмет тиімділігіне жасөспірімдер арасында суицид фактілерінің үлес салмағын азайту индикаторлары енгізілгенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева мен кеңес төрағасы Ғалымжан Елшібай жиын қорытындысына бірқтар ауқымды мәселелер айтылғанын, кеңес мүшелері тарапынан берілген ұсыныс-пікірдің барлығы хаттамаға енгізіліп, бақылауда ұсталатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар