
Түркістан облысының Білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығында» облыстық әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес – білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысын алқалық басқару органы.
Кеңесте 2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, халықаралық зерттеулер нәтижелері, әдістемелік кабинеттің білім беру ұйымдарының инновациялық іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары туралы жұмыстар тыңдалды. Сондай-ақ, ұсыныстар айтылып, әртүрлі мәселелер талқыланды.
Кеңеске облыстық әдіскерлер, қалалық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері түгел қатысты.
