Отырар ауданы, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі Арапбаева Бибізаттың жетекшілігімен үйірме оқушылары гипс материалынан мүсін жасау өнерін игеруде.
Үйірме сабағы барысында оқушыларға мүсін өнері туралы түсінік бере отырып, практика жүзінде түрлі жануарлардың мүсіндерін жасап, дайындалған қалыптарға гипстен жасалған қоспа құйылып, кептіріледі. Дайын болған бұйымның сырты тегістеліп, талғамға қарай акварельмен боялады.
Оқушылардың үйірме сабағында жасаған бұйымдары мен шығармашылығын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық ой-өрісін дамыту мақсатындағы бұл үйірменің балаларға үйретері көп-ақ.