Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы мектебінде химия пәнінің мұғалімі Феруза Жолдасбекованың жетекшілігімен «Таза табиғи орта – Қазақстан — 2050 стратегиясын іске асырудың негіздері» бағыты бойынша 9 сынып оқушылары Ізтай Балауса мен Әмірхан Айару «Ыдыс жууға арналған заттардың адам ағзасына әсері» тақырыбында эксперимент жүргізді.
Мақсаты: Күнделікті тұтынып жүрген ыдыс жууға арналған құралдардың химиялық құрамына жан-жақты талдау жасау, пайдасы мен зиянын зерттеу.
Тәжірибе нәтижесінде оқушылар ыдыс жуатын құралдардың құрамындағы химиялық заттардың адам ағзасына әсерін және ыдыс жуатын заттардың сапасын зерттеп, халықты сапалы өнім тұтынуға шақырды.